Жас құтқарушылар сайысының қалалық кезеңіне 12 мектеп қатысқан болатын. Оның 4-еуі іріктелініп алынып бүгін облыстық кезеңде сайысты.
Чингиз САМИЕВ Ұлытау облыстық ТЖД бастығының орынбасары
Бүгін мұнда облысымыздың үздік командалары жиналды. Аталған шара балалардың өмір сүру қауіпсіздігін қалыптастыру мақсатында өткізіліп отыр. Сондай-ақ оқушыларды салауатты өмір салтына баулу. Спортқа машықтандыруды да көздеген сайыс бұл. Жарыс әділ өтсін. Барлық қатысушыларға сәттілік.
Оқушылар бірнеше кезең бойынша сынасты. Олар,алғашқы медициналық көмек көрсетумен қатар, жапа шегушілерді құтқаруда қарым-қабілеттерін көрсетті.Жеке құтқару құралдарын киюмен қоса оны қолдану тәсілдерін үйренудегі нормативтерді де қосымша орындады.
Ерасыл ӘБДІҒАЛЫМ жас құтқарушы
Біз бұл сайысқа 3 жылдан бері қатысып келе жатырмыз. Көңілімізден шығып жатыр.Осылай бізді болашаққа тәрбиелеп, мықты ер азамат болуға көмектеседі.
Кіл мықтыны анықтайтын сайыста Сәтбаев қаласы 4 мектебінің жас құтқаруышлары бірінші орынды алды.Енді олар республикалық жас құтқарушылар сайысына қатысады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ЖАСҰЛАН ТӨЛЕН «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ
https://youtu.be/UDk1flIwg1o