Бұл күні мәдениет саласы мамандары жыл бойы атқарған жұмысына есеп береді. Бұл күні халқымыздың бай мəдени мұрасы мен руханиятының дамуына үлес қосып келе жатқан азаматтардың еңбегі бағаланады.
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ Ұлытау ауданының әкімі
Міне кешегі 21 мамыр күні болған мерекеме шын жүректен құттықтаймын. Қазақта айтады ғой қай елдің мәдениеті дамыса мықты болып, сол елдің еңсесі де биік болады. Рухы да биік болады. Сіхдерге творчествалық табыс тілеймін.
Салтанатты шара марапаттау рәсімімен жалғасты. Мәдениет қызметкерлерінің бірқатарына ҚР Мәдениет және ақпарат минстрлігінің «Құрмет грамотасы»,алғыс хаты табысталды. Сондай-ақ Ұлытау облысының құрмет грамоталары мен алғыс хаттары тапсырылды.
Алмагүл ҚАДЫРОВА Жезді кенті мәдени-сауықтыру орталығының көркемдік жетекшісі
Осы мәдениет саласында жұмыс істегеніме биыл міне 13 жыл болып отыр. Барлық әріптестерімді құттықтағым келеді. Еңбегім еленді. Облыс әкімінің алғыс хатын алып отырғаныма қуаныштымын.
Алия БІРАЯҚОВА Алғабас ауылдық клуб үйінің меңгерушісі
Негізі мәдениет деген халықтың салт-дәстүрін сақтап,жастарға жеткізу болып саналады. Мерекені пайдалана отырып әріптестерімді құттықтаймын. Шығармашлық табысч тілеймін.
Кештке ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі Ұлытау аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі РАҚАТ Ниязовқа берілді. Ал «Еңбек ардагері» медалі Жезді кенттік мәдени-сауық орталығыныңң директоры Айтбек Бейсенбаевқа табысталды. Ұлытау облысы әкімінің арнайы тағайындалған «Ауыл мәдениетінің үздік қызметкері», «Үздік кітапханашы», «Ауылдың үздік кітапханашысы» сыйлары да өз иелерін тапты.
Марапаттау шарасын Ұлытау аудандық мәслихатының төрағасы Ахат Құрмансейітов жалғады. Ол Ұлытау ауданының «Құрмет грамотасын» 4 мәдениет саласының қызмтекеріне табыстады. Қай уақытта да халықтың жанашыры да өнер және өнерпаз болған. Ұлттық құндылықтарымыздың бастауында өтетін шараларға қатысып, оның жоғары деңгейіне өтуіне, ауылдық, аудандық қызметкерлер де атсалысып, жаңашылдықтың жаршысы болып келеді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ