ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Оқушыларға кеңес берілді

Бөлісу:

Жиынды Ұлытау облысы көліктік бақылау инспекциясының басшысы Темірлан Мұқышов ашып, жүргізіп отырды. Көлік саласының мамандарымен кездесуде қатысушылар осы саладағы кәсіптер мен қызмет бағыттарымен танысты .Мақсат- қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу.«Қазақстан теміржолы» АҚ Жезқазған станциясының кезекшісі Ахметжан Мерхеев «Менің мамандығым – теміржолшы» тақырыбнда баяндама жасады.

 

Ахметжан МЕРХЕЕВ «Қазақстан теміржолы»АҚ Жезқазған станциясының кезекшісі  

Теміржолға жұмыс істеу үшін 11 бағытта жұмыс бере аламыз. Мысалы-механик,технолог,пойыз құрастурышлыр , технологтар керек.  


Сарапшылар көлік қызметінің әртүрлі аспектілері бойынша өз тәжірибесімен және білімдерімен бөлісті. Мәселен «Жезқазған-Эйр» АҚ кадрлар жөніндегі инспекторы Жания Жанаділова әуе саласындағы мамандықтарға кеңірек тоқталды. 

 

Жания ЖАНАДІЛОВА «Жезқазған-Эйр» АҚ кадрлар жөніндегі инспекторы

Қазақстандағы жалғыз жоғары авиациялық оқу орны – Алматы қаласында орналасқан.Ол «Азаматтық авиация академиясы». Әуе саласына барғысы келетіндер болса түсуге кеңес беремін. 


Бұл күні мектеп оқушылары көлік әлемімен тікелей танысып, әр-түрлі сұрақтарын қойды.Оқушыларға бағыт-бағдар берілді. 

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ 


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты