ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Қалалық мәслихат сессиясы

Бөлісу:

Сессияны әдеттегідей оның төрағасы Раушан Қапарова ашып жүргізді. Оған қала әкімінен бастап орынбасарлары мен мәслихат депутаттары қатысты. Алдымен күн тәртібі бекіді. Есеп комиссиясы сайланды. Одан кейін қалалық бюджеттің 2023 жылғы атқарылу есебі тыңдалды.  қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Депутаттарға 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджетті бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізуді ұсынды. 

 

Бибігүл ӨМІРЗАҚОВА қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

Нақтылауға бюджет қаражатының 1 млрд 654 млн 563 мың теңге жоспарлануда. Оның ішінде 1 млрд 279 млн 807мың теңге сомасын қайта бөлуді қарастыру. Бұл сомма жыл басында экономика және қаржы бөліміне коммуналдық меншікке шахмат мектебіне ғимарат сатып алу үшін 106 млн теңге бөлінген болатын. Қазіргі күні бұл ғимаратты жеке инвестиция есбеніне сатып алынатын болғандықтан қажеттілігі жоқ. 


Былтыр қаланың құбырларын жөндеуге басымдық берілсе, биыл жолдарды жөндеуге кірісті. Биыл Жезқазғанда 57 көшенің жолы жаңарады. 


Қайрат ШАЙЖАНОВ Жезқазған қаласының әкімі 

Біз конкурстық процедураларды бастап кеттік, Жол активтерінің сапасы орталығының қорытындысын көп күттік, себебі Жезқазған тарихында алғаш рет жобалық-сметалық құжаттама сараптамадан өтті. 


Сондай-ақ сессия барысында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу ережесі мен Кеңгір, Талап, Малшыбай ауылдары тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілді. Одан кейін Жезқазған қаласы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы мен қоғамдық кеңестің құрамын бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізілді. Соңында «Жезқазған қаласы әкімдігінің жанынан тұрғын үй комиссиясын құру туралы» қаулысына енгізілген өзгерістер талқыланды.

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ 


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты