ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Қанат қақты тұлектер

Бөлісу:

Биыл №22 жалпы білім беретін мектепті   50 оқушы тәмәмдады. Олардың 1-еуі алтын белгі, 2-еуі үздік аттестатқа үміткер.Түлектердің барлығының  жүздерінде қуаныш пен қимастық сезімдері көрініп тұр. Бұл оқу ордасының оқушылары республикалық және халықаралық олимпиадаларда топ жарып, жоғары нәтиже көрсетті. «Болашақта да осы  биіктен түспеңдер». Үлкен өмірге қадам басқалы отырған түлектерге облыс әкімі осылай деп сенім білдірді. 


Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ Ұлытау облысының әкімі

 Мектептің түлектеріне тек ақжол тілеймін. Үлкен сынақтан өтіп, болашақта армандаған мақсаттарға жете берсін. Ұстаздар өздерінің еңбегінің жемісін көріп, мектебіміз осындай көптеген жетістіктерге жетіп,түлектрмен мақтан етсін. 


Соңғы қоңырау соғылды. Мектеп вальсі шырқалды. «Аманат» кілті табысталды. Жас түлектердің алға қойған өзіндік жеке мақсаттары бар. Мектеп қабырғасындағы соңғы салтанатты шараларына қатысқан олар үшін бүгінгі күн тарих!


Ольга КОЗЛОВА «Алтын белгі» үміткері 

Мен эколог болғым келеді. Бұл салаға 6 сыныптан бастап қызықтым. Халыққа қызмет еткім келеді.   Таза елде өмір сүруге шамалы болса да үлесімді қосам деген үміттемін. Енді алтын белгіні ақтап шығамындеп отырмын. Білім нәрімен сусындатқан ата-анама ұстаздарыма алғысымды білдіремін. 


Салтанатты шарадан кейін аймақ басышсы биыл білім ошағына салынатын спорт алаңының орнын қарады. Және мектеп ауласын абаттаныдурға қатысты бірқатар тапсырма берді. 


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ,ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ 


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты