ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Аппараттық жиын

Бөлісу:

Алғашқысы: Ұлытау облысы бойынша өңдеу өнеркәсібін дамыту туралы. Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында өңдеу өнеркәсібінің көлемі 286 млрд теңгені құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 3%-ға төмен. 


Данияр АРЫНҒАЗИН облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы

Көрсеткіштің төмендеу себебі:  биржада мыс бағасының былтырғы жылмен салыстырғанда төмендеуімен (сәуір 2023 ж. – 9058 долл., сәуір 2024 ж. - 8867 долл.) және доллар курсының түсуімен байланысты. 


Көк қағаздың рөл ойнайтыны өкінішті осындайда. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі негізгі 89% үлесі Жезқазған мыс балқыту зауытына келеді.  Ағымдағы жыл басынан бері өндірілген мыс көлемі
 59 мың тоннаны құрапты, бұл көрсеткіш өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 4,4% жоғары екен. Өңдеу өнеркәсібінде инвестиция көрсеткіштерін жақсарту мақсатында жаңа қосылған инвестициялық жобаларды іске асырылуда. 2024 жылы 630 жаңа жұмыс орнын құрумен 15 млрд. теңгеге 8 жоба іске қосу жоспарда бар. Жалпы, 2027 жылға дейін өңдеу өнеркәсібі саласында 117,4 млрд. теңгеге 14 жоба іске асыру жоспарлануда.Оның ішінде Жезқазған мыс балқыту зауытының жаңа күкірт қышқылы цехының құрылысы сияқты ірі жобалар бар. 

 

Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ Ұлытау облысының әкімі

Компаниялар тікелей байланыс жасап отырыңдар әсіресе Жезқзаған мен Сәтбаев, экономика жағынан біз жауап береміз ғой. Экономика бізге ықпал етеді. 


Оң көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында қала және аудан әкімдіктері қосымша резервтерді тарту бойынша жұмыстарды жүргізу сұралды. Күн тәртібіндегі 2-ші сұрақ:  Ұлытау облысы бойынша халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау шаралары. Ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес 2023 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,2% құраған.  


Нұржан ОРЫНБАЕВ облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

Ұлттық жобалар шеңберінде 462 жұмыс орны құрылды. Жоспар 1495 жұмыс орны болатын.Бізде кейбір басқармалар бойынша бұл көрсеткіштер орындалмады. Ұлттық жобалар шеңберінде жұмыс орындарын құру бойынша ең төменгі көрсеткіш ауыл шаруашылығы және жер ресурстары, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармаларында орын алды, себебі картада көрсетілген жобалар бойынша қаржыландыру көздері анықталмаған.


Кедергісіз жүріп-тұру шеңберінде мүгедектігі бар адамдар үшін 2023 жылы 54 әлеуметтік нысанды бейімдеу жоспарланған, оның ішінде жыл қорытындысы бойынша 37 нысан бейімделген екен. Аймақ басшысы, мүкміндігі шектеулі азаматтар нысандарға кіріп-шығатын  жолды оңтайландыру керек деді. Қажет болған жағдайда мәдени шараларды қысқартуды тапсырды. 


Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ Ұлытау облысының әкімі 

Қаражат жоқ деген не әңгіме, басқа нәрселерді қысқартсын.Мәдиент болсын,спорт бослын, шараларды қысқартыңдар. Жоспар бар ма орындалу керек. 


Сондай-ақ жиында жұмыссыздық, ауылға қоныс аудару бойынша да мәселелер қаралып, нақтытапсырмалар берілді. 


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты