Мәселен бағдарлама шеңберінде 2023 жылы аудан бойынша 515 млн. 313 мың теңге қаржыға 23 км жол жөнделеді деп жоспарланған. Бүгінгі күнге 355 млн. 611 мың теңге қаржыға 18 км 613 метр жол жөнделіп аяқталған. Қарсақбай кентінен темір жол станциясына дейінгі ішкі жолын орташа жөндеуге 2023 жылы қаржы бөлінген. Жұмыстар жүріп жатыр. 2024 жылы аяқталады. Жоба аясында ауданның көше жолдарын жөндеу жұмыстары әлі де жалғасады. Бұл ауыл азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартумен қатар, ауыл көркін ашары хақ.
Батырлан СӘБДЕН Ұлытау аудандық тұрғын үй коммуналдық шараушылық,автомобиль жолдары және тұрғын үй инспеуиясы бөлімнің басшысы
2024 жылы Ұлытау ауданы бойынша жалпы 2 млрдтай қаржыбөлінді. Атап атқанда ауданның кент және ауылдық округтердің тірек ауылдарының көшереалық жолдарын жөндеу үшін 569 млн теңге бөлінді. Оның облыстық бюджеттен 512 млн, аудандық бюджеттен 56 млн теңге тағы бөлінді.
Бұл қаржыға, Қаракеңгір ауылының елді мекеншілік, Қарсақбай кентінің темір жол станциясына дейінгі 2,5 шақырымды құрайтын көтерме жол, Ұлытау ауылы, Жезді кенті, Жыланда селосындағы көшелер жөнделмек.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ