Ұлытау аймағындағы су тасқыны кезінде құтқарушылардың жұмысын елемей кетуге болмайды. Біздің облыста тасқынның беті қайтты, жағдай тұрақты, қауіп жоқ дегеннен кейін ізін ала Солтүстік Қазақстанға аттанды олар. Жарысты өткіздің мәні сол, бейбіт күннің батырларына құрмет көрсету, еңбектерін бағалау.
Асқар НҰРЖАНОВ «AMANAT»партиясы «Қазақмыс корпорациясы»ЖШС жанындағы Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы
Өрт сөндірушілерге, құтқарушыларымыздың бос уақытын спортқа баулып осындай бір додалы жарыс өткізіп жатқан жайымыз бар. Дәл осындай жарыстарды жыл сайын өткізуге бел будық.
Турнирге төтеншеліктердің өздері қатысты. Ұлытау облыстық ТЖД бастығы Есен Байыров қандай жағдай болмасын құтқарушыларымыз сақадай сай..Ал,осылайша құмет көрсетіп жатқан Аманат партиясы «Қазақмыс корпорациясы»ЖШС жанындағы Ұлытау облыстық филиалына алғыс білдіреміз дейді.
Есен БАЙЫРОВ Ұлытау облыстық ТЖД бастығы
Біздің құтқарушыларға құрмет және олардың істеп жүрген жұмыстары, жан-жаққа көмек көрсетіп және Ұлытау облысында төтенше жағдайдың алдын алуға құрмет көрсетіп жатыр. ОСындай шара жалғасып, әрқашанда белсене қатысуға біздің құтқарушыларымыз дайын.
Туринр қорытыныдысына сәйкес 1 орынды Қаражал қаласының өрт сөндіру бөлімі иеленді. 2 орынды Ұлыталық төтеншеліктер алса 3 орынға Жаңаарқа ауданының өрт сөндіру бөлімі тұрақтады. Жеке-дара номинациялар да өз иелеріне табысталды. Тіршіліктің қатпарында қауіп көп. Тілсіз жау, табиғаттың тосын мінезі, оқыс оқиға тұрмақ ең ақыры үйіңнің есігі ашылмай қалса да қарапайым жұртшылық төтеншеліктерге жүгінеді. Сондықтан оларға деген құрмет шексіз. Жарысты өткізу алдағы уақтытта дәстүрге айналмақ.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ
[media=https://youtu.be/kyasKJ7rvqQ]