ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

"Халық заңгері" республикалық акциясы

Бөлісу:

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алды бұл күні. 

 

 Ерлан ЖОЛДЫБАЕВ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы

Биылғы жылы шараны ұйымдастырушылар – Әділет министрлігі, оның ведомстволық бағынысты ұйымдары мен облыс әкімдіктері. Кез келген азамат қажетті заң кеңесін, сондай-ақ мүдделі мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерінен түсініктеме ала алады.


Ауқымды шара 3 сағатқа жалғасты. 50 ден астам адамға білікті мамандар кеңес берді.  Халық қойған сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және азаматтық заңнама сынды салаларға қатысты.

 

Меруерт БАЗЫЛХАН Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокаты

Алдағы уақытта да кез келген сұрақтар бойынша мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында Әділет департаментіне жүгініп заңгерлік кеңес алуға болады. 

 

Айта кету керек, «Халық заңгері» акциясы жыл сайын өткізіліп, осы уақыт аралығында тұрғындар арасында өзектілігін көрсетіп келеді. 2016 жылдан бері оған 7 мың маман қатысып, 150 мыңнан астам азаматқа заңдық тұрғыдан көмек көрсетілген.
 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ 


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты