Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы алғашында мемлекеттік қызметшілер мектебі ретінде жұмыс істеген. Кейін академия деңгейіне көтерілді. Халық пен билік арасын жалғайтын қызметтің өзіндік қиыншылығы да жоқ емес. Өтйкені талап күшті. Халық мемлекеттік қызметшіге қарап, билікке баға береді. Сондықтан мемлекеттік апараттың абыройына нұқсан келмеуі тиіс. Бүгінгі дөңгелек үстелдің көздегені де осы.
Ербол БАЙГАЗИЕВ Мемлекеттік басқару академиясының Ұлытау облысы филиалының директоры
30 жыл ішінде академия магистратура және доктарантура бағдарламалары бойынша 3000астам түлекке сапалы білім берді. 40мыңнан астам тыңдаушы кәсіби біліктілктерін арттырады.
2022 жылы Ұлытау облысында филиалы ашылды. 2023 жылы 622 мемлекеттік қызметші өз біліктіліктерін арттырса, биыл 212 мемлекеттік қызметші оқу үстінде. Жоспар да ауқымды. Мемлекеттік қызметшілер арасында байқау ұйымдастырылады,мұражай ашылмақ. Бұл олардың кәсіби біліктіліктерін арттыуға серпін бермек. Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік қызметшілердің имиджі, тәртібі жайлы баяндамалар оқылды.
Ерболат БӨРІБАЕВ Ұлытау облысы прокуратура органдарының ардагерлер ұйымының төрағасы
Мемлекеттік қызметші әу баста жұмысқа кіріскенде ант қабылдаудан бастайды. Сол антқа берік,сай болу керек. Соған сай жұмыс жасаса тәртіп бұзылмайды.
Елнұр Жамель еңбек жолын мемлекеттік қызмет саласында бастаған жас мамандардың бірі.Академия түлегі қазір Жезқазған қаласы әкімдігінде ұйымдастыру инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы қызметін атқарады. Мемлекет пен халық тарапынан жүктелген жауапкершілікті абыроймен алып жүру – менің мақсатым дейді жас маман.
Елнұр ЖАМЕЛЬ академия түлегі
3 апталық жас маман ретінде курстарын өттім. Бұл менің маман ретінде қалыптасуыма жаңа серпін беріп білімімді толықтырдым десем болады. Жалпы қызметшілер үшін,жас мамандар үшін академияның рөлі зор.
Айта кетейік, 2024-2025 оқу жылына қабылдау басталды. Құжаттарды қабылдау 26 маусымға дейін жалғасады.Академияда мемлекеттік қызметшілерді даярлау 8 магистратура және 3 докторантура бағдарламалары бойынша жүзеге асыралады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРЗАОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ