Жалпы, тазалық жұмыстарына мемлекеттік, жекеменшік мекемелер бар, кәсіпкерлер мен ПИК, жастарды қосқанда 50-ге жуық адам атсалысты. Бейсенбілік барысында саябақтар да ұмыт қалмады. Саябақ – қала тұрғындары мен қонақтарынң ең көп келетін мекені. Сондықтан демалыс орнының қашан да таза әрі көрікті болуы маңызды.
Гүлмира ҚАЖЕНОВА Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры
Президентіміз жариялаған “Таза Қазақстан акциясы” біздің қаламызда да өте қызу өтуде. Қуантатын жағдай қаламыз әжептәуір тазарып келеді. Әлде де біраз жұмыстар бар бірақ, бірігіп қаламызды таза ұстауға тырысайық
«бес қаруын» сайлап», күрек, тырнауыш, қолғаптар мен қоқыс салатын қаптарын қолға алған акция қатысушылары санаулы уақыттың ішінде өздеріне бекітілген аумақты тап-тұйнақтай қылып, қала келбетінің келісті болуы үшін аянбай-ақ тер төкті.
Сағыныш Өмірзақова Ұлытау облыстық экономика басқармасының бас маманы
Экономика басқармасынан 13 адам Момышұлынан Ғарышкерлер көшесіне дейінгі аралықта чистый четвергке шыққан болатынбыз. Жалпы қаланың көркейуі, дамыту үшін осылай барлығымыз бірге сенбілікке шығып тұрамыз. Біз қала тұрғындарын сенбілікке, чистый четвергке қаланы таза сақтау үшін барлық тұрғындарды шақырамыз.
Сайып келгенде, қалаға сол қоқысты сырттан біреу әкелмейді. Айналаны ластайтын да өзіміз. Сондықтан тазалықты әр тұрғын өзінен бастауы керек!
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ