Бұл 7 жастағы Жанұслу Хамиттің суреттері. Ол сурет сызуды екі жасынан бастаған. Алғашында қарындашпен салуды үйренген.Ермексазбен мүсіндер жасай бастаған. Әр суретіне беріле,шабытпен кіріскенін көрген ата-анасы «Балалар Өнер мектебіне» оқуға береді.
Жазира ЖАКУПОВА Ж.Хамиттің анасы
Әр-түрлі енді далаға шықса да,қарапайым адамабыз талда не болып, бұлтта не болып жатқанынын білмейміз ғой. Бұлтты қараш қоянға ұсқайды, динозаврға ұсқайды деп,шындап қарасам келетін сияқты көрінеді. Үйге келгенде далаладан талдың шыбықтарын,тас бәрін алып келеді үйге. Не істейсің десең, у мен свои фантазии деп, тасты бояп, ермексезбен түрлі дүниелер жасайды.
2 сыныпқа аяқ басқан Жансұлу республикалық «Алтын бала – 2022», «Күз көрінісі», «Бабалар аманаты», халықаралық «Grand Star Asia» байқауларының жеңімпазы. Кішкентай талант иесі әсіресе, суретті түнде салады екен. Ойын баласы оңаша отырып ой жүгірткенді ұнататын көрінеді. Онысынан тәп-тәуір дүниелер шығады. Оның қылқаламынан туған табиғат көріністері,жан-жануарлар әлемі көпті таңғалдырды.
Раушан ҚАПАРОВА Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы
Іс-шараға барлық балалар келіп жатыр.Өнерлерін көрсетіп жатыр.Осындай тамаша суреттеріне қарап отырып,болашақтағы бір үлкен суретші,үлкен майталмандар шығады деп өзім қуанып отырмын.
Жансұлуға бұл қасиет әкесінен дарыған. Кешубай Байділдинов музейде ғылыми қызметкер болып еңбек етеді.«Алтын адамның» көшірмесін жасаған шебер.
Зағира Қалменова Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінің басшысы
Жансұлу қызымыздың өнері өркендей берсін, бұдан да жақсы жұмыстар болашақта көрсете берсін. Жансұлу деген бренд болатын болсын.
Жас суретшінің шығармашылық ізденісі ерекше, бейнелеу тілін қалыптастыруға деген талпынысы мөлдір де тазалығымен айрықша.Кім білген, бәлки, қазақ бейнелеу өнерінің жарқын жұлдызына айналар Жансұлу. Үлкендер бұл күні кішкентай аруға бата берді, үлкен жолға сәттілік тіледі.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ