ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Кеңес отырысы

Бөлісу:

Кеңесті оның төрағасы Ерболат Бөрібаев ашып жүргізіп отырды. Жиынға басқарма басшылары,   ПД, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департменті, экономикалық тергеп тексеру департаментінен өкілдер қатысты. Күн тәртібіне Ұлытау облысындағы гидротехникалық құрылыстар жүйесінің  проблемалық мәселелері шығарылды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін дамыту бойынша міндеттер қойды. Атап айтқанда, 2030 жылға қарай суармалы жерлердің санын кезең-кезеңімен 3 млн гектарға дейін ұлғайту тапсырылды, бұл ауыл шаруашылығы өнімі көлемінің 4,5 есе өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 


Ғалымжан СҮТБАЕВ Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасының құқықтық сұрақтар бойынша директордың орынбасары 

Ұлытау облысы бойынша: республикалық меншікте – 3; коммуналдық меншікте – 20; жеке меншікте – 3. Оның ішінде: жөндеуді қажет ететін гидротехникалық құрылыстардың саны: 16. Гидротехникалық құрылыстардағы апаттар орасан зор материалдық залалмен және теріс әлеуметтік-саяси резонанспен байланысты апатты салдарға әкеп соғуы мүмкін. 


Облысымыздағы бөгеттердің апатқа ықтималдығының себебі барлық объектілердің пайдалануға қабылданғанына 40 жылдан асуы, күрделі жөндеу жасалмауы болып тұр.Олар негізінен ауыл шаруашылығының қажеттіліктеріне арналған, ал қазіргі уақытта меншік иелері жарамды күйде ұстау үшін қажетті қаражаттар қарастырмаған. 


Ерболат БӨРІБАЕВ кеңес төрағасы 

Кәсіпкерлердің шағымдары бойынша яғни тоғандарды алып осы облыс көлеміндегі су апатынан судың шайылып кеткенін кәсіпкерлердің жұмысы тоқтап қалған.


Мәселен,  Ұлытау ауданына қарасты Құмшық бөгеті ешқандай мекеменің балансына алынбаған, көп уақыт бойы күрделі жөндеусіз болғандықтан су тасқыны кезінде су шайып кеткен. Салдарынан бөгеттегі судың негізгі көлемі жоғалып «Бұланды Ақбөкен» ЖШС-нің балық отырғызуына шығын келтірілген.  Кәсіпкерлер әрі қарай жұмыс жасауы үшін  жиында осы мәселелерді зерделеп, шешу жолдары қарастырылды. 


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ 


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты