ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Тарихқа тағзым

Бөлісу:

Тарихтың қаралы беттерінің бірі - саяси қуғын-сүргін. Қазақстанда 125 мыңнан астам адам саяси қуғынға ұшырап, 25 мыңы ату жазасына кесілді. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Тұрар Рысқұлов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин сынды қайраткерлер мен ұлт зиялылары бар. Ал, ашаршылық жылдары елімізде 2 миллионнан астам адам ажал құшты. Бүгінде осы жандарды еске алу үшін ескерткіш маңына жиналған азаматтардың қарасы қалың болды.

 

Төлеген БҮІКРОВ Жезқазған қаласының Құрметті азаматы 

Мыңдаған,миллиондаған адамдардың ажалынан бұрын жер құшқанын тарихтан білеміз. Біз Мемлекет басышысына ырзамыз. Асыл жақын шетелдермен қарым-қатынас орнатып,бейбітшілік заманда өмір сүріп ждатырмыз. Мұны әісересе жастар қадірлеп бағаласа екен деймін. 


Тағзым етуге Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Джун Ямада бастаған жапондық делегация келді. Қала әкімі, мәслихат, қоғамдық кеңес, ардагерлер кеңесінің, білім ұжымдары мен басқа да белсенді азаматтар құрбандардың   рухына тағзым етіп, құран бағыштады, гүл шоқтарын қойып, бір минут  үнсіздік жариялады. 


Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша жұмыс басталды. 1993 жылы «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» туралы заң қабылданды. Соның нәтижесінде жазықсыз жала жабылғандар ақталды. Ақтау шаралары әлі де жалғасып келеді.


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРЗАОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ 


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты