Мультиаспапшылар байқауына еліміздің әр-түкпірінен 12 өнерпаз қатысты. Мұндағы байқаудың ерекшелігі бір өнерпаз бірнеше аспапта шығармалар орындайды. Айта кету керек, Қазақстан тарихында алғаш рет мультиаспапшылар байқауы «Ұлытау үні» фестивальінде жалауын көтерді.
Еділ ҚҰСАЙЫН қазылар алқасының төрағасы
Мысалы, тек домбырашылар болса оған тек домбырашылар, қобызшылар болса тек қобызшылар,ал мульти дегенмізі көп аспапта орындалатын деген сөз. Осы бастама үшін ризамын Жезқазғанға, жастар өнерлі келіп жатыр.
Әйгерім ҚАРАМЕНОВА- бірнеше ұлттық аспапты меңгерген әмбебап өнерпаз. Атырау облысының намысын қорғап келіп отыр байқауға. Оның алғашқы музыкалық аспабы – домбыра. Кейін жетігенді меңгерген. Содан кейін, сазсызрнай, шаңқобыз, шеңіклдек аспаптарын үйреніп, еркін ойнайды.
Әйгерім ҚАРАМЕНОВА мультиаспапшылар байқауының қатысушысы (Аотырау облысы)
Мультиаспапшылардың конкурсы бірінше рет болып жатыр. Жоғары деңгейде өтіп жатыр. Қазылар алқасы да үлгітіұратрыл ағаларымыз отыр. Өте қуаныштымын.
Бір емес бірнеше асппаты меңгергеннің тағы бірі –Қызылорда тумасының талантты өнерпазы Руслан Бурабаев. Ол бүгін өз шығармышлығынан күй орындады.
Руслан БУРАБАЕВ мультиаспапшылар байқауының қатысушысы (Қызылрда облысы)
Үрмелі аспаптарда, пинаино,шақобыз бұдан да бөлек біраз аспаптарда ойнаймын. Бүгін бағымды сынап көрдім. Енді сәттілігіме қарай көре жатармын.
Ұлытау аспанын әуелеткен өнерпаздардың өнеріне әділ баға беру де оңай болмасы анық. Азамат Бақия біздің өңірдін намысын қорғады. Сондай-ақ бүгінгі өнер көрсеткен өнерпаздардың аспаптарының 90 пайызы дәл осы Азаматтың қолынанын шыққан аспаптар
Азамат БАҚИЯ мультиаспапшылар байқауының қатысушысы (Ұлытау облысы)
Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін.Және өзім де ойнап шықтым. Дәл осы сайыс болашақта жалғасын тапса екен деймін. Өйткені бірінші байқауыдың өзі мықты өтіп жатыр. Дәл осы жанр әлемге алып шығатын жанр.
Расында да ұлтымызға тән музыкалық аспатардың барлығы қастерлі. Демек әлемге осы аспаптарды шығаруға мүмкіндік осы Ұлытау үні фестивалтінің еншісінде. Осылайша, ұлттық аспаптарды ұлықтаған жастардың өнерлерін дүйім жұрт тамашалап, өз бағасын берді.
Бақтыбай ЖҰМАДІЛДИН Қазақтану ғылыми зерттеу институының директоры
Салт дәстүрін дамытып келе жатқан Ұлытау облысы. Болашағы зор екеніне біз қуанаымз.
Түске дейін бірінші кезеңде іріктелген жүйріктердің жүйрігі екінші бөлімде анықталды. Бас жүлде Ұлытау облысының өнерпазы Азамат Бақияда.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ