Қажымұрат Нағыманов бұрыңғы Жезқазған облысын 2жыл басқарды. Іскер басқарушы, ұтқыр ұйымдастырушы ретінде республика бойынша «шеру тартқан» құлдыраудан Жезқазған аймағын аман алып қалды. Облыс орталығындағы қаусаған құбырлар, қираған жолдар Қажымұрат Ыбырайұлының жанкешті еңбегі, жасампаз жетекшілігімен қысқа мерзімде қалпына келтіріліп, оның игілігін қала халқы әлі көріп отыр.
Бөрібай ЖЕКСЕМБИН Қ.Нағымановтың әріптесі
Сол кезде мен ол кісінің бірінші орынбасары болдым. 2жыл бойы сол кісімен қоян-қолтық жұмыс істедім. Бүгінгі іс-шара ол кісімен қатар ісеген азаматтар,халық үшін өте бір үлкен өнегелі іс-шара деп айтамын.Себебі бүгінгі күні Қазақстан көлемінде облыс басшысы болып бұрын істеген азаматтарға,құрметіне,ісіне қарай мұндай жағдайда, өзінің қызмет істеген жерін мемориалдық тақта орнату деген үлкен құрмет деген сөз.Бұл халықтың құрметі деген сөз.
Қошқархан АКУБАЕВ Қ.Нағымановтың әріптесі
Осы облысқа өте еңбегі сіңген. Мен сол уақытта мұнай управлениесінде генеральный директор болып істедім. Сол уақыт өте қиын болды. Қыстың гүні жыл қатып, күні-түні жұмыс істедік. Ұйымдастыру қабілеті үлкен болатын.
Басқасын айтпағанда қыстың гүні, жылу болмады, сол жылуды толықтай қалпна келтірген Қажымұрат Нағыманов еді. Энергия тапшылығы, жанар-жағармай, отын жетімсіздігі байқалып, ел абыржи бастаған уақытта ол өзінің іскерлігін көрсете білді. Сонымен, біраз мәселелер рет-ретімен шешіліп жатты. Сол кезде алғаш болып ауылшаруышлығын жекешелендіруге өткізді.
Ерлан СМАИЛОВ Қ.Нағымановтың әріптесі
Жылу жоқ, халық комбинаттан кетіп жатыр, жұмыскерлер жетіспеді. Халықтың еңсесі төмен түсті. Қажымұрат халықты бір жылдыңішінде жинап алды. Екінші: бұл кісі үлкен бір жасаған жақсылығы,ауылшаруышлығын жекешелендіру. Бар кезінде мал-мүліктерін халыққа таратты.
Мемориалдық тақтаның ашылу рәсіміне қатысқан Ұлытау облысы әкімінің міндет атқраушы Алмаз Ыдырысов мемлекет қарйтакерінің ісі бізге үлгі деді.
Алмаз ЫДЫРЫСОВ Ұлытау облысы әкімінің м.а.
Осы Ұлытау өңірі үшін Қажымұрат ЫБЫРАЙҰЛЫНЫҢ есімі халық үшін мәңгі есіңде сақталып, бүгінгі өнгіп жастқан жастар үшін үлгі өнеге. Бүгінгі тақтаның ашылуы ол кісіге деген құрмет.
Сондай-ақ жиынға қайраткердің туғандары мен жақындары жиналды.
Алма НАҒЫМАНОВА Қ.Нағымановтың қарындасы
Үлкен рақмет айтамын. Мемориалдық тақта ашқанына.Ол кісінің еңбегі сіңді ғой. Өмірден өтекенін 2 жыл болды. Қамқор еді.. Қалған балаларына ұзақ өмір, Жезқазған халқына рақмет айтамын.
Ол білім және денсаулық салаларына күнделікті көңіл бөліп отырды. Елдің рухын көтеруге барын салды. Жезқазғаннан кейін де басшылық қызметтерде болды. ҚР көлік және коммуникация министрі қызметін атқарды. Аттан түспей дүниеден озды. Жер кіндігі Жезқзаған ұлы тұлғаға осылай құрмет білдірді бұл күні. Адал еңбекпен күн кешіп, ел ықыласына бөленген Қажымұрат Нағмановтың ғибратты ғұмыры – болашақ ұрпаққа үлкен үлгі.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ