Түгіскен ауылына биыл – 90 жыл! Торқалы той қарсаңында бас қосқан 1974 жылғы түлектер елді-мекен кіреберісіне мемориалды тақта орнатты. Ауылдағы алтын ұядан қанат қаққандарына 50 жыл болған ел азаматтарын Алаштың ардакүрең ақыны, атақты Ғалым Жайлыбай бастап келген...
Арнайы қойылған тақтада Ғалым ақынның Түгіскен жайлы екі шумақ өлеңі де жазылған. Туған жерге туын тіккен жандардың ісі – өскелең ұрпаққа үлгі болары сөзсіз дейді ауыл әкімі.
Тағылымды шара түлектердің – өмірден өткен сыныптастары мен ұстаздарының рухына құран бағыштап, ас берумен қортындыланды. Түгіскен түлектері 90 жылдық тойда кездесейік деп тарқасты.
Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы, «Ұлытау» телеарнасы