1992 жылы Қазақстан ең алғаш Тәуелсіз ел ретінде Мемлекеттік Рәміздерін жариялады. Мемлекеттік Рәміздер – мемлекет негізінің мызғымас бөлігі.
Жезқазғандағы Ту көтеру рәсіміне өңір басшысы мен мәслихат төрағасы, халық қалаулылары, ардагерлер кеңесі мен еріктілер және белсенді жастар қатысты.
2007 жылдан бері ресми аталып келе жатқан айтулы күннің - Егемен ел үшін маңыздылығы ерекше. Тәуелсіздіктің төлқұжаттары іспеттес нысандарға құрмет ретінде бекітілген күнді ұлықтау әрқайсымыздың парымыз деді шараға жиналғандар...
Айта кетейік, Ұлытау ауданындағы Әулиетаудың етегінде Мемлекеттік рәміздер алаңы салынуда. Ауқымды жоба айшықты күннің мазмұнын арттыра түспек. Аталған алаң жыл соңына дейін толықтай дайын болады деді Берік Әбдіғалиұлы.
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау» телеарнасы