Шағын және орта кәсіпкерлік – қаланы дамытудың бірден бір тетігі. Бизнесмендерге дәл спорттағыдай алғылрлық,шапшаңдық қажет. Соны бүгін қала кәсіпкерлері спортта да дәлелдеуі тиіс. Қала әкімінің орынбасары Берік Әбен спарткиадаға старт беріп, сәттілік тіледі. Одан әрі 100ге жуық шағын бизнес өкілдерін құрайтын 7 команда ойынды бастап кетті.
Досет УАТАЕВ облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының басшысы
Спортсмен мен бизнесменннің айырмашылығы өте аз. Бизнесте мақсат қоя білген жан,спортта да үлкен жетістікке жетеді. Керісінше спорттық мансапта көтерілген жан, бизнесте де жеңіске жетеді. Бүгінгі спартакиада үздіктер жеңіске жетсін.
Кәсіпкерлер спорттың бірнеше түрінен,атап айтар болсақ, волейбол,шағын футбол, үстел теннисі, дартс,бильярд, арқан тартыстан сынға түсті.
Нұргүл АЛИПОВА спартакиада қатысушысы
Бүгінгі спартакиадаға сырғалым голд зергерлік дүкені атынан қатысып отырмыз. Спорттың үш түрі бойынша сынға түсеміз. Мұндай іс-шара Ұлытау облысының кәсіпкерлері үшін өте маңызды. Мұндай шара серпін берді.
Жалпыкомандалық есеп бойынша 1 орынды және 500мың теңгені Ұлытау командасы ,екніші орын мен 300мың теңге қаржылай жүлдені – Ұлытау энерджи командасы алды. 3орынға Ұлытау ұландары командасы тұрақтады. Оларға 200мың теңге көлемінде сыйақы берілді. Сондай-ақ әр спорт түрінің жеңімпаздары да анықталды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ