Сейсмикалық жаттығудың негізгі мақсаты –төтеншлеіктердің дайындығын пысықтау, жалпы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Шараға республикалық және облыстық азаматтық қорғау қызметтері мен жергілікті атқарушы органдар қатысуда.
Алмаз ЫДЫРЫСОВ Ұлытау облысы әкімінің м.а
Оқу-жатттығу жоғары деңгейде өтсін. Біздің құрылымдар ондай жағдай орын алғанда дайын.Оны алдында да көрсеттіңіздер. Енді республика деңгейінде тағы бір мәрте дәлеледеп шығатындарыңзға сенемін.
Сценарий бойынша жойқын жер сілкінісі Алматы қаласы, Жетісу, Абай облыстарында орын алған. Ұлытау облысы оған қандай көмек көрсете алды?
Есен БАЙЫРОВ Ұлытау облыстық ТЖД бастығы
Алматы қаласы мен Жетісу, Абай облыстарында 300 адам және 80 бірлік техника жіберіледі. Және 21мыңға жуық адамды Ұлытау облысы қабылдауға дайынбыз.
Құтқару қызметтерінің бірлескен іс-қимылдарын үйлестіру үшін республикалық далалық штаб ұйымдастырылды. Екі күн болған қорғаныс іс-шарасында жер сілкінісі кезінде адамдарды эвакуациялау, тасымадау, тізімге алу және жарақат алғандарға алғашқы медицианлық жәрдем беру әрекеті пысықталды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ