Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің қолға алуымен өткен «AFM online 2024» жиынына еліміздің 35 жетекші жоғары оқу орындары онлайн форматта қосылды. Аталған оқу орындары арасында Жезқазған универститеті де бар. Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшылығы мұндай шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Ерлан Битанов, Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы
-( Бүгінгі таңда Қаржы мониторингі агенттігі қылмыстық істерді тіркеу, жеке тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту ғана емес, олардың алдын алу шараларын жүргізуді де жүйелі жолға қойған. Әдетте, жастар мен экономикалық білімі жоқ адамдар алаяқтардың арбауына түсіп қалып жатады... Бүгін студенттерге қаржылық сауаттылық жөнінде түсіндірудеміз.)
Шара барысында спикерлер қаржылық пирамидалардың құрбаны болмаудың жолдарын айтып берді. Салаға жауапты мамандардың айтуынша: жиі кездесетін алаяқтықтың түрлері: интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену, сонымен қатар бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар.
Ақерке Ахметжанова, Ұлытау облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры
-(Бүгінгі жүздесуден өзіміз үшін қаржылық сауаттылықты арттыру бағытында бірнеше ақпараттарды біле алдық. Біздің жастар орталығы да бұл бағыттағы ауқымды жобаларға қашан да қолдау көрсетеді. Жастар мен жасөспірімдердің қаржылық ілімін арттыру арқылы алаяқтардың арбауына түсудің алдын аламыз)
Жиын соңында студенттер өздерін толғандырған сауалдарды ортаға салып, жүздесу соңында пікір алмасты. Сала мамандары мұндай шаралар легін әрі қарай да жалғастыра бермек...
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау» телеарнасы