Бүгінгі таңда "Қажсервис" ЖШС Ұлытау облыстық филиалыны өңір аумағында Республикалық маңызы бар 961 шақырым автожолға қызмет көрсетеді. Мекемеде 200 ге жуық адам мен 30 ға жуық техника жол бойында үздіксіз жұмыс істеуде. Олар сәуір айынан бастап Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қауіпсіздігіне байланысты бірнеше шараларды атқарған.
Нариман Искаков, «ҚАЖсервис» ЖШС Ұлытау облыстық филиалының Бас инженері
(Кейінгі екі ай көлемінде 35 мың шаршы метр аумақта шұңқырларды бітеу жұмыстары жүргізіліп, 150 ге жуық жол белгісі орнатылды. Және үлкен көлемде 5 дана ақпараттық бағыттағы тақтайшалар қойылды.)
Жүйелі жұмыстар тізбегі жаз мезгілінде де жалғасын таппақ. Аталған жұмыстар Жезқазған-Қызылорда, Жезқазған-Петропавл республикалық маңызы бар жолдардың бойында жүргізілуде.
Мұқағали Сейтқазы, Бекжан Маратұлы, «Ұлытау» телеарнасы