Біздің өңірдегі «Аманат» партиясы Ұлытау облыстық филиалы акцияға үн қосты. Жезқазған өндірісінің де, халқының да тіршілік-тынысы Кеңгірге тікелей тәуелді екені белгілі. Бірақ, сол жалғыз су қоймамыздың санитарлық жағдайына келгенде, көбіміз селқоспыз...! Партия мүшелері мен депутаттар,еріктілер Кеңгір жағалауына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Ерлан МЫРЗАБЕКОВ «AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы
Бұған біздің бүкіл облыстық депутаттар және қала әкімдігі бірлесіп атқарып жатқан жұмыс.Бұл сенбілікке қазірдін өзіңде мынау Жезқазған қаласы бойынша 100 адам қатысып отыр,2погрузчик,2 самосвал беріліп,одан қалды бізде қазір Сәтбаев қаласында 50 адам және 2 техника қатысып отыр.Біздегі негізгі мақсат мынау қала ішінде қала әкімшілігі тазалық ұйымдастырып отырса,біз мынау Кеңгірдің бойындағы тазалаудан тыс қалған сондай еңбек ,тыс қалған жұмыстардан бірге атқарып,қаланың,облысымыздың тазалығына өзіміздің үлесімізді қоссақ деген ой.
Бұл күні ерікті жастар да қаланың тазалғына жұмыла кірісті. Жастар өздеріне берліген аумақты тап-тұйнақтай қылып тазалап, қоқыстардан арылтты.
Жауһар СЕРІКОВА ерікті
Таза бейсенбі ұйымдастыруда. Біз де атсалыстық Қаламызды таза ұсатйық.
КАДРДАН ТЫС: Ал, қаланың батыс ауданын Жезқазған медициналық колледжінің мұғалімдері мен студенттері ретке келтірді.
Айна АБИЛЬДАЕВА Жезқазған жоғары медициналық колледжі директорының тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары
Қаламыздың таза болуы үшін мынау қаламыздағы медициналық орталықтың маңайның бәрін тазалап,белсене қатысып жатырмыз.Қаламыз таза болсын,Таза Қазақстанда,таза қаламызда өмір сүрейік.
КАДРДАН ТЫС: Қала әкімдігі акция қатысушыларын қажетті техникалармен қамтамасыз етті. Акция қатысушылары алдағы уақытта басқа да саябақтарды тазалайды және өзге де іс-шараларды ұйымдастырмақ. Жүктің тек жұмыла көтерсең ғана жеңілдейтінін естен шығармайық. Сондықтан, сіз де тазалыққа шығыңыз...!
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРЕГЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ