ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Көшпелі отырыс

Бөлісу:

Комиссия отырысына Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы, облыс әкімінің орынбасары, Сәтбаев қаласы әкімінің міндетін атқарушы, тұрақты комиссия төрағалары, депутаттар, басқарма,бөлім-мекеме басшылары қатысты.Сәтбаев қаласы әкімінің міндетін атқарушы Алмат Саухимов алдымен қаладаға өзекті мәселелерді баяндады. Сәтбаев қаласы әкімі аппараты баланысына Қазақмыс дистрюбишннің балансында тұрған жылыту станцияларын беру мәселесі. Қаладағы №1 жылы беру станциясы 1964 жылы бес ықшам ауданды жылыту үшін салынған. Одан бері тұрғын үйлермен әлеуметтік бизнес нысандар саны артып бүгінгі күні кейбір аудандар жылумен толық қамтамасыз етілмей отыр. 

Алмат САУХИМОВ Сәтбаев қаласы әкімінің м.а. 

Бұл мәселені 5-ші қазандықты іске қоспайынша қаланы толық жылумен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмайды. Себебі, жылу мәселесі жылдан жылға өзекті болып келеді. Бүгінгі күні жылыту станциясының тозуы 70 пайыздан асады. Және барлығы 4 қазандық жөндеуді қажет етеді. 

 «Қазақмыс дистрюбишн» ЖШС өкілі қазандықтарды қысқа дайындаймыз деді жиында. Одан әрі автомболиь жолдарын жөндеу және күтіп ұстау бойынша ақпарат айтылды. Жалпы,Сәтбаевтың автомобиль жолдарының ұзындығы 90км. Биыл, 3,25 шақырым болатын 6 көшенің жолдарын орташа жөндеуден өткізу көзделген. Жоба құны 266 млн теңге. Бауыржан Шыңғысов  жауаптыларға орташа жөндеу жұмыстарын күн жылығанда бірден іске кірісу қажет еді деді. Ал, жұмыстар тек мамыр,маусым айында басталған. Жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары да балсталды. Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайына күрделі жөндеу қажеттігі де күн тәртібінде. Меморандумға сәйкес Кеншілер сарайын шығармашылық орталыққа өзгерту жобасының эскизі әзірленуде қазір.  Өзекті мәселелрді тыңдап шыққан халық қалауылары мұның барлығынан баяғыда-ақ хабардар. Тек жауаптылардың жоспардан кешігіп жатқандары көңіл қынжылтады. Бұл өз кезегінде халыққа да кері әсер беріп жатқан анық. Ал, бірқатар мәселелер шешімін тауып, жұмыстар жүйелі үрде жүргізілуде. 

Абулаис МУЛАҚОВ Сәтбаев қалалықмәслихатының депутаты

Істеліп жатқан ауқымды шаралардың басын аралап шықтық. Оқушылар сарайы биыл берілетін болды,аурухана жалғыз оған да қаржы бөлініп, аяқталды. Қазақмыс корпорациясы,облыс басшылығына алғысымызды айтамыз. Депутат,ақсақал,Сәтбаев қаласының тұрғыны ретінде. 

Облыстық мәслихаттың көшпелі отырысы алдағы уақытта Ұлытау ауданы мен Жезқазған қаласында жалғасады.  

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты