ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Жезқазған - Қызылорда жолын жөндеу жұмыстары басталады

Бөлісу:

Өңірге жұмыс сапарымен келген «Қазавтожол» ҰК АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашаев пен өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлының жүздесу жиынында –Жезқазған-Қызылорда жолын асфальттау жұмыстары шілде айында басталатындығы айтылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында қолға алынатын шара – Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін береді деп күтілуде.

Қазіргі таңда жолды жөндеу жұмыстарымен айналысатын мердігерлер анықталып, келісім шарт жасалуда. Бұл жобаны 4 бірдей мергідерлік компания атқаратын болады, төртеуі де жол жөндеу саласында үлкен тәжіриебеге ие қытайлық компаниялар.

Айта кетейік, аталған республикалық маңызы бар трассаның Қызылорда облысына тиесілі бөлігінде жөндеу жұмыстары екі жыл бұрын басталған. Ұлытау облысы шекарасындағы жолды толықтай аяқтау 2026 жылға белгіленуде. 

Мұқағали Сейтқазы, Бекжан Маратұлы, «Ұлытау» телеарнасы

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты