ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Жасыл ел еңбек жасағының жұмысы басталды

Бөлісу:

"Жасыл ел" қазақстандық жастардың экологиялық дүниетанымын, мәдениетін, табиғат пен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыратын үлкен қозғалысқа айналған. Өткен жылы біздің өңірде аталған жоба арқылы 500-ге жуық жас жұмысқа орналастырылса, биыл бұл көрсеткіш 600 ге артқан. 

"Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының маусымдық бағдарламасы республика бойынша барлық аймақтарда жүзеге асырылуда. 14 жасқа толған оқушылар мен студенттер, сондай-ақ 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар қосымша жұмыс істеп, табыс табуға мүмкіндік алатын жобаның маңыздылығы ерекше. 

ЖҰМАЖАН ӨТЕГЕНОВ ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ, ЖАСТАР САЯСАТЫ, ЭТНИКААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР, САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРМЕН ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Ашылу салтанатынан кейін қатысушылар арасында тимбилдинг ұйымдастырылды. Еліміздің жасыл экономикасына бей-жай қарамайтын жалынды жастары табиғат тазалығы, көгалдандыру мен гүлзарлау жұмыстары мен қатар қоғамдық жұмыстарды атқаратын болады.

Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау» телеарнасы


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты