ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Облыс әкімі тұрғындарды қабылдады

Бөлісу:

Әкімнің қабылдауына алғашқы болып кірген Ұлытау ауданының тұрғыны Жанәділ Маймышев. Мәселесі: Айыртау және Аққора елді-мекендеріне тоқ тартқызу жұмыстары жөнінде. Электр жарығының жоқтығынан ауыл өнімдерін қалаға әкеп сату кәсібімен де айналыса алмай отыр екен.

Аталған мәселе облыс деңгейінде қаралатын болды. Қабылдауға кірген келесі азамат – Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты Асқар Қошанов. Кеңгір ауылында берілетін жер телімдері кезегінің кешіктіріліп жатқандығы. Аталған сауалға Кеңгір селолық округінің әкімі жауап берді. Ал, Жезқазған қаласының тұрғыны – Ғазиз Сарханов баласының еміне жмұсалар қаражат мәселесімен келген. Тұтас ғұмырын «Қазақмыс» корпорациясында өндіріс саласына арнаған еңбек адамы – алып кәсіпорын басшылығының жәрдемдесеміз деген уәделерін орындамай жатқандығын айтады. 

Қабылдауға кірген өзге де тұрғындардың мәселесі тиісінше жауапты мамандарға жүктелді. 

Айта кетейік, аймақ басшысы Берік Әбдіғалиұлы аптаның әр бейсенбісінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Оған жазылу төмендегідей телефондар арқылы жүзеге асырылады.

Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы, «Ұлытау» телеарнасы

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты