«Қалалық және ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау» бойынша өңірде 32 жаңа жоба дайындалып, қолға алынуда. Олардың дені «Қазақмыс Корпорациясы» мен Ұлытау облысы әкімігі арасында жасалған Меморандум аясында жүзеге асырылмақ.
Ал, 2025 жылғы дейін ауылдық елді мекендерді 100 % ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында өңірге қарасты 4 елді мекенде су желілерінің құрылысы және 30 елді мекенде кешенді блок-модуль қою жұмыстары көзделген. Үйтас-Айдос және Есқұла су құбырындағы жаңғырту шаралары басты назарда.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе: Ұлытау облысының денсаулық сақтау саласы инфрақұрылымының ағымдағы жағдайы. Айта кетейік, өткен жылы Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының елді мекендерінде 5 фельдшерлік-акушерлік пункті салынды. Ал, биыл ұлттық жоба аясында 13 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарлануда – бұл 11 медициналық пункт пен 2 фельдшерлік-акушерлік пункт. Берік Әбдіғалиұлы салада атқарылып жатқан жұмыстармен халықты үнемі ақпараттандырып отыру керектігін айтты.
Аппараттық жиында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде атқарылған жұмыстар да сараланды. Ауқымды акция 5 бағытты қамтыған. Сондай-ақ «Жер сағаты», «Ағаш отырғызу күні», «Көліксіз күн», «Бірге таза Қазақстан» атты арнайы бағдарламалар да еш кедергісіз атқарылған.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау «телеарнасы