Қазақ «әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген бірауыз сөзге бүкіл тәрбиенің бастауын сыйғыза білген. Асқар тауының тәрбиесін көріп, асыл қасиеттерін бойына сіңіріп өскен ұрпақ жаман болмайды – деп сенген. Бала да анасының «әкеңнен сұран» деген сөзінен сескеніп, тік қарап сөйлесуге жасқанатын. Ал, қазір ше? Студенттер сөз сайысында әкенің қазіргі қоғамдығы рөліне тоқталды. Жалпы,дебатқа облыстың 11 колледжінен 11 команда жасақталып, пікір таласты.
Бексұлтан МАҒРҰПЖАН Ұлытау облысы дебат қозғалысының төрағасы
Бүгінгі турнир жақсы деңгейде басталды. Төрешілік құрамы барлығы іріктеліп облысымыздың ең үздік төрешілері жинақталған. Және облысымыздың ең үздік конмадалары қатысып жатыр десек те болады.
Асқар таудың үйдегі рөлі қандай? Әуелі осы сұраққа жауап іздеді дебат қатысушылары. Отбасындағы әкенің рөлі төмендеген,маңызы жоқ деді даттауышлар. Бірақ, бұл пікірмен жақтаушылар келіспеді.
Мадияр БОПАН дебат қатысушысы
Осы уақытқа дейін 1 курстан бастап, дебатқа қатысып келе жатырмын. Үлкен тәжірибе жинадым десем де болады.Бүгінгі дебаттың тақырыбы әке жайлы. 1 турнирден өттік. Енді бұйырса 2-ші турнирге үміт артып отырмыз.
Облыстық дебат қозғалысы осымен осы жылдың дебат турнирін қорытындылайды. Айта кетейік, әкелері күнінен орай ұйымдастырылған турнирге қоғамдық келісім арнайы жүлде тағайындады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ