ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

АЭС салу бойынша жария тыңдау

Бөлісу:

Қазақстанда – АЭС салу бүгін шыққан мәселе емес. Бұл ретте саладағы кәсіби мамандар пікіріне құлақ түрген жөн дейді сарапшылар. Негізінен АЭС салу алдымен – энергетикалық қауіпсіздік проблемасын шешпек.

«Ұлытау жастары» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен өткен жария тыңдауға жезқазғандық жұртшылық белсене қатысты.

Жария талқылауларға өңір тұрғындарымен бірге Қоғамдық кеңестің, ардагерлер кеңесінің мүшелері, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, ҚР Энергетика министрлігінен келген өкілдер мен экологтар қатысты. Тыңдауда көпті толғандырған сауалдардың бірі – Қазақстанда АЭС те абыроймен жұмыс істей алатын білікті кадрлар бар ма және олардың білім дәрежесі қай деңгейде деген болды...

Айта кетейік, мұндай жария тыңдау жуырда Шымкент қаласы мен Түркістан облысында өткен болатын. Азаматтар референдумда дауыс берген кезде АЭС салуды жақтаған немесе қарсы болған сарапшылардың дәйекті пікірлерін барынша таразылап, ой елегінен өткізіп барып шешім қабылдауға тиіс. АЭС тің тағдыры – халықтың қолында.

Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы, Сергей Майкович, «Ұлытау» телеарнасы

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты