Елімізде сауда орындарын жаңғырту бойынша жол картасы әзірленіп, аталған жоба аясынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Осы бағытта Жезқазған мен Сәтбаев қалаларындағы базарларды аралап, онда қажетті өзгерістірді саралаған Сауда комитеті төрағасының орынбасары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ұлытау облыстық филиалы ғимаратында жиын өткізді.
Дөңгелек үстелге қатысқан жергілікті кәсіпкерлер мен салаға жауапты басқарма басшылығы тақырып шеңберінде түйткілді мәселелерді ортаға салды. Министрлік тарапынан қолға алынған жол картасына облыс орталығындағы үш базар енгізілген. Қосымша өзгерістер де қарастырылмақ.
Модернизациялау шаралары - көше дүңгіршектерін, ескі сауда павильондарын заманауи объектілерге алмастыруды көздейді. Ал, әмбебап базарларды ойын-сауық орталықтарына немесе үлкен сауда үйлеріне айналдыру үшін кәсіпкерлерге 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін уақыт берілмек. Ол үшін мемлекеттік ведомстволардың өзге де өкілдері жәрдем көрсетуге дайын.
Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы, «Ұлытау»