Фракция жұмысына басқарма басшылары, «AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалының барлық деңгейдегі атқарушы хатшылары қатысты. Отырысты фракция жетекшісі Светлана Жумкина ашып жүргізді. Алдымен облыс әкімінің орынбасары жылу маусымына дайындық жұмыстары туралы баяндады.
Ұлантай ҮСЕНОВ Ұлытау облысы әкімінің орынбасары
Жылу орталығында 8 қазандық бар. біз биылғы қыста 6 қазандықпен шықтық.Ақпан айында 6-шы қазандық қосылды. Соның арқасында қыстан аман шықтық. Биылғы мақсатымыз осы жылу беру маусымында 2 қазандықты күрделі жөндеуден өткізіп,5пен 7ні оған қоса 8ші қазандықты толғымен іске қосу. Жаңғырту жұмысы жүріп жатыр. Қаражат бәрі бектіліген.
Дегенмен, алаңдаушылық бар деді әкім орынбасары. Басты себеп- 5-ші қазандыққа жөндеу жұмысы наурыз айында басталу керек болатын.Алайда әлі басталмаған. Одан әрі әр басқарма басшылары өз салалары бойынша ақпаратты ұсынды. 2024 жылы 337,8 км сумен жабдықтау және кәріз желілерін салуға және реконструкциялауға 18 жоба іске асуда. Дала өрті мен құрғақшылықтың алдын алу шаралары да айтылды фракция отырысында.
Абзал АХМЕТБЕКОВ Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының м.а.
Қазіргі таңда ағаш отырғызу жұмыстары аяқталды. Орман шарушалығына техникалар алынды.Өрт сөндіру кезінде адам тасымалдауға газель машинасы алынды.
Ал,денсаулық сақтау басқармасының басышысы медициналық мекемелердің жай-күйіне тоқталды. Сондай-ақ 2024 жылы нәрестелердің өлімінің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шараларды баянады. Ағымдағы жылы облыста 2024-2025 жылдарға арналған жүкті, босанатын және босанатын әйелдерге медициналық көмекті одан әрі жетілдіру жөніндегі жол картасы бекітілді. Ана мен бала өлімінің алдын алу жөніндегі бірлескен іс-қимылдардың ведомствоаралық жоспарының іс-шараларының орындалуына мониторинг жүргізіледі. Баяндамалардан кейін, депутаттар зум платформасы арқылы өзекті деген сұрақтарды қойып, жауаптар берілді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ