Аралау тобы алдымен Алашахан даңғылы қиылысында ауыстырылып жатқан жылу желілерін көрді. Биыл номер 11 –ші жылу желісінің ең тозығы жеткен бөлігі ауыстырылады. 2 кезең бойынша «АлматыИнжСтрой» ЖШС жаңа жылу құбырларын тартуда. Мамандар жаңадан салынатын құбырлардың жылу сақтағыш қасиеті жоғары дейді. Және бұрыңғы құбырға қарағанда диаметрі үлкен.
Аймақ басшысы, жұмысты кестеге сай жүргізуді тапсырды. Одан әрі Алашахан бойында сквер болуы тиіс аумақты аралады. Бұл жерге жаңа тротуар төселіп, жаңаша кейіпке енетін болады жақында.
Жолдардың жайын да бағамдады. Биыл қалада бас аяғы 57 көшенің автомобиль жолын жөндеу көзделген. Қазіргі уақытта оның 24-інде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ал алтауында аяқталды.ОДАН ӘРІ Аралау тобы Некрасов көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстарын бақылады. Жұмыстар Аманжолов көшесінен Холмецкий көшесіне дейін толық Некрасов көшесін де қамтиды. Мердігер «АлмасҚұрылысҚазақстан»ЖШС. Берік Әбдіғалиұлы әсіресе Холмецкий көшесінің жолын қалыпқа келтіруді тапсырды. Себебі, жолдың барлығы шұрық тесік.
Сондай-ақ Пушкни көшесінің жолына да асфальт жамлығысын биыл төсеу керектігін айтты.Және де Сейфуллиан көшесіндегі жүріп жатқан жөндеу жұмыстарын көрді. Айта кетейік, 28 көшенің жолында асфальт жабыны болады. Аулаішілік жөндеу жұмыстары да назарда.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ