«Автокөлік жолдарының құрылысы мәселесі жедел шешімін табуға тиіс. Қазір оның сапасы сын көтермейді. Тиісті жұмыстар уақтылы және сапалы жасалмайды. Бақылауды күшейтіп, жаңа нормативтік құжаттар қабылдау керек.» Бұл – Президенттің кейінгі Жолдауында жолдарға қатысты айтқан сөзі. Жолдардың тезірек жөнделгенін қалайтындар қатарында жезқазғандық жүргізушілер де бар...
Жол жөндеу жұмыстары біздің қалада сәуір айында бастауын алды. Оған облыс және қала бюджетінен - 4 миллиардтан астам қаржы бөлінген.
Нұрбол Садықов, Жезқазған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
(Жолдарды жөндеу бойынша барлық құжаттар дайындалып, келісім бекітілді. Жұмысты 5 мердігерлік компания атқарып жатыр. Қазіргі таңда 6 көшенің жұмысы аяқталды.)
Жол салуда қолданылатын құрылыс материалдары мен асфальт жамылғысы Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының облыстық филиалында тексеріледі. Былтыр ғана ашылған мекемеде жақында заманауи мамандандырылған зертхана пайда болды.
Серік Жолдасбек, Зертхана меңгерушісі
(Зертханада барлық жабдықтар бар. Штат саны анықталды. Зерттеу ісіне қажетті жағдайда қосымша шаралар да қабылданады.)
Қаладағы көлік жолдарына жауапты бөлім басшылығы – жөнделіп жатқан жолдарың сапасын қатаң бақылауда ұстап отырмақ.
Мұқағали Сейтқазы, Бекжан Маратұлы, «Ұлытау» телеарнасы