Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі! Ораза айттан кейін 70 күннен кейін басталатын мейрамның Ислам дініндегі маңызы ерекше. Негізінен бұл күндер – қасиетті Меккеге қажылықпен аяқталады. Үш күнге созылатын мейрам биыл маусым айының 16 сы, 17 і, 18 і күндеріне белгіленген.
Құрбандық – үлкен тарих, ұлы ғибадат. Құрбан айт мерекесі– елдің бірлігін күшейтіп, өзара бауырластықты арттырады.
Құрбан айт күні ертерек тұрып, ғұсыл алып, таза киімдер киіп, хош иісті әтір сеуіп, көшеде жолыққан адамға ашық жүзбен қарау - көркем мінезді көрсетеді. Шалған құрбандықтарыңыз қабыл болғай, құрметті мұсылман қауымы!
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мырзахмет, «Ұлытау» телеарнасы