Облыс әкімі ат басын бұрған алғашқы нысан - Облыс орталығында салынып жатқан денешынықтыру және сауықтыру кешені. Спорт кешенінің алғашқы іргетасы 2023 жылы қаланған болатын. Қазір мұндағы құрылыстың қарқыны жоғары.
Нысан құрылысында жүргізіліп жатқан жұмыстар 45 пайызға аяқталған. 3 қабаттан тұратын ғимарат 320 орынға шақталған. Кешенде Бокс залы, Теннис корты, Футбол алаңы, Көркем гимнастика залы мен арнайы мәжіліс залы қарастырылмақ. Сонымен қатар,
мұнда көптің-көптен айтып жүрген ұзындығы 25 метр болатын 4 жолақты бассейн де болады.
Әкім аялдаған келесі нысан - Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының жатақхана құрылысы. Мектеп жанындағы 200 орындық оқушылар үйін салу жұмыстары өткен жылдың жазында басталған болатын. Мұнда ендігі жылыту жүйесін орналастыру жұмыстары жүргізілмек...
Айта кетейік, жатақхана жылуына жеке қазандық салынбақ. Аталған жаңа қазандық жатақханамен қатар, оған жақын орналасқан облыстық көпбейінді аурухана мен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына және Мешітке жылу береді деп күтілуде.
Облыс әкімі бастаған топ күрделі жөндеу жасалып жатқан Медициналық колледж нысанына да барды. Бұрынғы қалалық Перзентхана ғимараты – медициналық бағытта ілім беремін заманауи оқу ордасына айналмақ.
Сәуір айында басталған жөндеу жұмыстарын «АстанаПремиумСтрой» мердігерлік компаниясы атқаруда. Білім шаңырағы ауласын қосымша абаттандыру шаралары да қарастырылмақ.
Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы, «Ұлытау» телеарнасы