ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Медицина саласын реформалау

Бөлісу:

Алдымен алғашқысына тоқталайық. Кейбір функцияларды орта буын медицина қызметкерлеріне беру. Яғни, бұрын дәрігерлер барлық тексеруді өздері жүргізсе, енді емханалардың дәрігерлері мен мейіргерлердің функционалын қайта бөлу нәтижесінде жоғары медициналық білімі бар мейіргерлер арнайы оқыту жүргізігеннен кейін науқастарды өз бетінше қабылдау құқығы беріледі. Бұл дәрігерлердің жұмысын жеңілдетері анық. Қазіргі таңда облыс бойынша 2350 мейіргер бар. Орта медициналық персоналды оқыту ағымдағы жылдың маусым айының соңына жоспарланған. 

Дариға ШАЙДИЛДАЕВА Жезқазған қалалық емханасының алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің меңгерушісі 

 Қазіргі таңда біздің емханада 7 жоғары медициналық білімі бар мамандарымыз денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығының Ұлытау облысы бойынша филиалы қызметкерлері жүргізетін арнайы оқудан өткеннен кейін кейбір дәрігерлердің міндеттемелерін өздері орындайтын болады. Және ол, кардиология,нефрология, эндокринология сияқты бірқатар бағыттар бойынша дәрігредің қабылдауынсыз медбикелер қабылдайды. 

Ал, пациенттерді динамикалық бақылау – ауыр созылмалы аурулары, функционалдық бұзылулары бар немесе ауыр жарақаттардан операциялардан кейін пациенттердің жағдайын мерзімді тексеру. Диспансерлік есепте тұрған пациенттер дәрігерге үнемі барып, талдамалар тапсырады. Қажетті тексерулерден өтеді. Бұл денсаулық көрсеткіштерін уақытында түзетуге, асқынулар мен патологияның дамуын болдырмағы көмектеседі. Қазір қалалық емханада, 2369 пациент естеп тұрса, оның 171-і 17 жасқа дейінгі балалар. Мерзімді түрде дәрігердің тексеруінен 1102 пациент өткен. 

Любовь ДОРОНИНА қала тұрғыны

Мен бұл емханаға емхана ашылғаннан бастап тіркеуде тұрмын. Себебі бір емес бірнеше операция жасатқам. Сондықтан мерзімді түрде тексеруден өтіп тұрамын. Дәрігер болсын, медбике болсын жағдайымды қарап бақылап, дәрілер жазып береді.  Барлық медицина қызметкерлеріне деген алғысым шексіз. Жұмыстарына ризамын.                                                                                                   

Медицина қызметкерлерін ынталандыру компонентін алу. Бұл дегеніміз- учаскелік дәрігерлер әлеуметтік маңызы бар ауруларды ерте кезеңде анықтағаны үшін ынталандыру компоненттерін алатын болады. 

Дариға ШАЙДИЛДАЕВА Жезқазған қалалық емханасының алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің меңгерушісі 

Бұған дейін мамандарды ынталандыру көрсеткіштерін орындамағаны үшін алып тасталынатын болса, қазіргі кезде керісінше осы ауруларды ерте кезеңде анықтағаны үшін жалақыларына бонустар беріледі. Әлеуметтік маңызы бар аурауларға 6 индиктор бойынша анықталып отыр.Ол:онкология, туберкулез, вич, ана мен бала өілімінің алдын алған әрбір жағдай бойынша медицина қызметкерлері жалақыға бонустар алатын болады.Жезқазған қалалық емханасы осы денсалуық министрлігінің жаңа жүйесін қолдайды. 

Бұлардың барлығы медицина қызметкерлінің жұмысын оңтайландыруға бағытталып отырған шаралар. 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты