Мысалы, ағымдағы жылдың 2-ші тоқсанында мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша Департаментке 30-ға жуық өтініш келіп түсті. Олар бойынша жоспардан тыс 5 тексеру жүргізіліп, құзыретті органдарға жолданды.Азаматтар негізінен мемлекеттік органдар тарапынан өтініштерінің дұрыс қаралмауына, мемлекеттік қызметке іріктеу конкурстарының рәсімдерінің және тәртіптік жаза қолдану кезінде қолданыстағы заңнама талаптарының сақталмауына, мемлекеттік қызметшілермен әдеп кодексі нормаларының бұзылуына қатысты шағымданады.
Самат ҮМБЕТАЛИЕВ ҚР мемлекеттік қызмет істергі агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
1 азаматша мемлекеттік органдағы мемлекеттік қызметке іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның заңсыз іс-әрекеттеріне шағымданған. Шағымның негізінде жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде конкурсты өткізу рәсімінің бұзылғандығы анықталып, мемлекеттік органның персоналды басқару бөлімінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Департамент билығы жылдың қаңтар айынан бастап маусым айы аралығында азаматтардың арыз-шағымдары мен өзге де негіздері бойынша 8 бақылау шараларын өткізіп, нәтижесінде мемлекеттік органдардың қызметінде 70-тен аса заң бұзушылықтарды анықтады. Заңға қайшы тәртіптік жазаға тартылған 5 мемлекеттік қызметшіге қатысты шығарылған актінің күші жойылды. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бағытында Департаментпен біршама жүйелі жұмыстар атқарылды.
Самат ҮМБЕТАЛИЕВ ҚР мемлекеттік қызмет істергі агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа заңсыз тартудың алдын алу мақсатында мемлекеттік органдардағы жұмыс уақыты режиміне жүргізілген мониторинг. Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 33 мемлекеттік қызметшіге тынығу сағаттары беріліп, құқықтары қалпына келтірілді.
Департаментпен алдағы уақытта да мемлекеттік органдарда заңнама қағидаттарының сақталып, азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол берілмеуіне бағытталған пәрменді жұмыстар жалғасатын болады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ