Алыдмен Ұлытау облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға жазылған тұрғындардың басым бөлігі жер, үй мәселесін қаузап келген. Сондай-ақ Рәміздер алаңының құрылысы қашан бітеді деген сауалды арқалап келгендер де бар. Облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов сұрақтарды жан-жақты талқылап жауап берді. Одан әрі комиссия отырысы өтті. Оған облыстық,аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі Аманжол Мырзабеков,басқарма,мекеме бөлім басшылары қатысты. Алдымен аудан әкімі Аманжол Мырзабеков ауданның даму жоспарын баяндап, мәселелрге тоқталды.
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ Ұлытау ауданының әкімі
Бассейн құрылысын салу жоспарлаған болатын. Экспертизадан өтті. Бірақ 2 мердігердің арасындағы түсініспеушілікке байланысты спот процестері жүріп жатыр. Соны күтіп отырмыз. Бұл ауыл ел бесігі жобасы аясында.
Ауданның даму жоспарына сәйкес «жайлы мектеп»ұлттық пилоттық жобасы шеңберінде Ұлытау ауылында 300орындық мектеп құрылысын салуға жер телімі және құжаттар рәсімделуде.Құрылыс жұмыстары 2025-2026 ждылдары жүргізіледі. Биыл аудандағы 5 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қаракеңгір ауылдық округінің мәдениет үйі ғимаратына модульдік жылу беру қазандығы орнатылады. Қаракеңгір ауылында жабық футбол алаңының құрылысы аяқталды.Одан әрі сұрақтарға кезек берілді. Көшпелі отырысытың көздегені –көкейдегі мәселені шешу. Сол үшін депутаттар қала,аудан ауылардады аралап осындай жиындар өткізіп жүр.
Светлана ЖУМКИНА Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты
Алдағы уақытта да көшпелі отырыстар жалғасады.Депутаттардың көшпелі отырысы халықтың мәселеесін шешу болып табылдаы алыдмен.
Облыстық мәслихаттың көшпелі отырысы Жезқазған қаласында жалғасады. Бұл туралы дүйсенбі күні шығатын жаңалықтарда толығырақ тарқатамыз.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРЕГЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ