Әкімнің қабылдауына алғашқы болып кірген Жезқазған қаласына қарасты Кеңгір ауылының тұрғыны Гүлімхан Есетова. Мал шаруашылығын субсидиялау бойынша алған мақсатты несиесі – ауылшаруашылығының өзге саласына бағытталып кеткен ол несиені қайтару бойынша жеңілдіктер қарастырылса дейді.
Ал, Жезқазған қаласының тұрғыны Торғын Қарахметова химиялық-экологиялық зертханаға ғимаратын жалға алу жайында мәселесімен жүгінді. Қазіргі отырған нысандары оны босатуды талап етуде екен.
Аталған орталықтың енді қайда баратындығын шешу облыс әкімінің орынбасары Ұлантай Үсеновке жүктелді. Қабылдауға соңғы болып кірген Сәтбаев қаласының тұрғындары Тоғжан Назымбек пен Мәншүк Рахымжанова өңір басшысына апатты үй және тиісті өтемақы алу жайында өтінішін жеткізді. Облыс әкімі мен бейінді ведомстволармен мекемелердің мамандары қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлығына түсініктеме берді
Айта кетейік, аймақ басшысы Берік Әбдіғалиұлы аптаның әр бейсенбісінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Оған жазылу төмендегідей телефондар арқылы жүзеге асырылады.
Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы, «Ұлытау» телеарнасы