ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

60 Жезқазғандық отбасы қоныс тойын тойлады

Бөлісу:

Осылайша, ұзақ жыл бойы кезекте тұрған азаматтарға Ұлытау облысында қоныс мәселесі шешілуде. Жыл соңына дейін Жезқазғанда жалпы 270 пәтердің құрылысын аяқтап, қолданысқа беру көзделіп отыр. 

Жалпы облыс бойынша жыл басынан бері 135 отбасы өз баспаналарына қол жеткізіп үлгерді. Кілт табыстау рәсіміне қатысқан өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы игі шараның әлі де жалғасын табатынын жеткізді. 

БЕРІК ӘБДІҒАЛИҰЛЫ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

-(Жезқазған қаласы, жалпы Ұлытау өңірі дамуында жаңа тыныс алып жатыр. мына жерде үлкен әлеуметтік және басқа да мәдени нысандар болады. бұл жер қаланың болашақта үлкен орталығы болады.

Бүгінде облыс орталығында кезекте тұрғандар үшін тағы бірнеше көпқабатты үй салынып жатыр. Нәтижесінде 270 отбасыға пәтер кілті табысталмақ. Жалпы өңірде 5 мыңға тарта адам баспана кезегінде тұр. Оның  2 мыңы – Жезқазған қаласының тұрғындары.)

Берілген пәтерлер қаланың батыс ауданында орналасқан. Қазіргі таңда аталған аумақтағы жылу мәселесін шешу үшін желілер тартылуда. Азамат Кенжетаев 5 баланың әкесі. Кенжесін 2 күн бұрын ғана босанған келіншегі әлі перзентханада. Шаңырағы шаттыққа кенелген отбасы бұл үйді 10 жыл күткен.

АЗАМАТ КЕНЖЕТАЕВ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

-(Қуаныштымын. Қуанышымда шек жоқ. Жолдасым әлі роддомда. Үй көңілімізден шықты. Жақсы! Бұйырғаны. Балалардың несібесі ғой.)

Құрбан айт мейрамымен қоныс тойын қатар тойлаған баспана иелері жергілікті билік өкілдеріне рихашылықтарын жеткізді. 

Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты