Құрбан айт мерекесінің Ислам дініндегі алар орны зор маңызға ие. Аталған ұлық мейрамда жезқазғандық жамағат таң сәріден «Ахмет Ишан Оразайұлы» атындағы орталық мешітке жиналып айт намазын оқыды.
Ораза айттан кейін 70 күннен кейін басталатын мейрамда жұртшылық бірін-бірі мейраммен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Айт намазынан кейін жиналған жамағатқа айт шәйі берілді. Шайдан кейін мерекелік және спорттық іс шаралар ұйымдастырылды...
Құрбан айт мейрамы Кеңгір селолық округіндегі Әбу-Бәкір Мешітінде де аталып өтілді. Ауыл орталығында жаңадан бой көтерген мешітке жиналғандар сапта тұрып айт намазын оқыды.
Мұнда да дәстүрге сай ұлттық спорт түрлері салтанат құрды. Білегінің күші бар азаматтар ұлттық ойында бақ сынады. Айт намазына келген балаларға тегін балмұздақтар таратылды. Жиналғандар айттан айтқа аман есен жетейік деп тарқасты. Айта кетейік, Құрбан айт мейрамы 18 ші маусымға дейін жалғасады.
Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы, «Ұлытау» телеарнасы