ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Облыстық мәслихаттың көшпелі отырысы - Жезқазғанда

Бөлісу:

Облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов бастаған топтың алғашқы аялдамасы - Облыс орталығында салынып жатқан денешынықтыру және сауықтыру кешені. Іргетасы өткен жылы қаланған кешенде құрылыстың қарқыны жоғары. Жүргізіліп жатқан жұмыстар 50 пайызға аяқталған. 3 қабаттан тұратын ғимарат 320 орынға шақталған. 

Қазір мұнда 130 ға жуық адам екі ауысымда жұмыс істеуде. Нысан қазан айында толықтай дайын болмақ. 

Ал, Гагарин көшесіндегі балабақша құрылысының барысы әлі де баяу... 10 жылдан бері аяқталмай келе жатқан сақалды құрылыс алдағы күзде пайдалануға берілмек. Алайда, депуттар аталған нысан жұмысын сынға алды...

Әрі қарай халық қалаулылары – қалада жөнделіп жатқан жолдарды тексерді. Айта кетейік, биыл Жезқазғанда жөнделетін жолдар ауқымы 57 көшені қамтымақ. Оған облыс және қала бюджетінен - 4 миллиардтан астам қаржы бөлінген.

Депутаттар ат басын бұрған келесі нысан «Шаруашылық-ауыз су тазарту имараттарын қайта жаңарту» жобасы. Иә, қазір еліміздің әр өңіріңде таза су мәселесі өткір тұр. Суды сүзгілеудің ең озық әдістерінің бірі – оны мембраналық тазарту жүйесі болып табылады. Гидро цехта қойылғалы жатқан жаңа құрылғалар – халық тұтынатын ауыз суды сапасы мен тазалығына тікелей қолайлы және заманауи болмақ. Бірақ, мұндағы жұмыстар белгіленген уақытта аяқталмай қалуы мүмкін...

Қазір мұнда ауқымды жобаның екінші кезеңі жүргізілуде. Халық қалаулылары – аралау барысындағы нысандарды бақылауда ұстайтындықтарын айтты.

Көшпелі отырыс аясында депутаттар - қалалық әкімдік ғимаратында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға алдын ала 5 азамат жазылған. Олар көтерген мәселелердің дені әлеуметтік салада болды. Атап айтар болсақ, медицинадағы кемшіліктер мен отбасылық денсаулық орталықтарының жұмысы жөнінде. Сонымен қатар, ветеринариялық салаға қатысты сұрақтар да көтерілді. Аталған мәселелер облыстық мәслихаттың тікелей қадағалауын алынды.

Көшпелі отырыс тұрақты комиссия жиынымен түйіделді. Жиынға мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов төрағалық етті.

Жезқазғанда атқарылып жатқан жұмыстардың қазіргі салмағы – коммуналдық салада. Бұл жөнінде шаһар басшысы кеңінен ақпарат берді.

Тұрақты комиссия отырысында көтерілген сұрақтар облыс деңгейінде қолға алынатын болады. Көшпелі отырысты – облыс орталығында қортындылаған депутаттар өңірге қарасты қала-аудандардағы негізгі мәселелерді сараптап алдық деді..

Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы, «Ұлытау» телеарнасы

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты