Қазақтың ұлттық киімін насихаттауды мақсат тұтқан көрменің мәні - тереңде. Бұрымы беліне түскен сұңғақ бойлы арулар ұлттық нақыштағы киімдердің түр-түрін киіп, шықты. Дефиле жасады. Еліміздің әр өңірінен келген зергерлер мен колөнер шеберлері өз кәсібінің қыр-сырымен, әшекей бұйымдарды құрастыру,кесте және көркемдік тігу әдістерімен таныстырды. Шараға этнодизайнер, кесте өнерінің шебері, қазақ кимешегі мен ұлттық киімін сонау Америкаға дейін өз күшімен барып насихаттап жүрген Тілек Сұлтан қазақтың этнографиялық «көне көркем»атты коллекциясын көрсетіп оның мән-мағынасын түсіндірді.
ілек Сұлтан этнодизайнер
-Жалпы менің шығармашлығым 18-19 ғасырлардағы қазақтың таза этнографиялық түпнұсқа ұлттық киімдерінің негізінде оның ішінде кимешектерге қатты басымдылық жасаймын. Қазақтың сол мезгілдегі сән-салтанатын көрсетуге басымдық жасаймын.
Ал, Ақмарал Жұмабаева «Кимешек Шым» дизайн туындысының авторы. 15 жасынан бастап тігінмен айналысқан ол соңғы 5-6 жылда кимешек тігуді үйренген.Кимешекті киюдің де мән мағынасы тереңде жатыр дейді ол.
Ақмарал ЖҰМАБАЕВА қолөнер шебері
Ұлттық кимешегіміздің құндылығы біздің ана болғанымызды білдіреді. Кимешекті көп адамдар ойлайды кәрі адамдар киеді деп. Негізінен ол ана болғанымызды білдіреді. Неге бұл кимешек ақ деп жатады. Өйткені бұл сүттің белгісі. Ана болғанның белгісі.
Сұлулардың сымбатын асырған шара ұлттық құндылығымыздың парқы жоғары екенін ұқтырды. Өйткені, ұлттық қамзолдардың әрбір ою-өрнегінде, бедерінде халқымыздың тарихы жатыр. Дәстүрі, салт - санасы сайрап тұр.
Тұрар ШӘКЕН «Қара шаңырақ»ҚБ директоры
Енді бүгінгідей шаралар елімізде көп болуы керек.Себебі, біздің ұлтымызды, өскелең ұрпағымызды сақтайтын біздің ұлттық құндылықтарымыз. Қоғамды болып жатқан түрлі жат ағымдардың кіріп кетуі,басқа да өскелең ұрпаққа зиянын тигізетін дүниелердің бәріне қарсы тұратын дүние-ол біздің ұлттық тәрбиеміз. Біздің ұрпақ мұның тәрбиелік маңызын білуі тиіс. Сондықтан осындай шараның Ұлытау өңірінен басау алып жатқанына және де басқа өңірлерде жалғасын табатынына біз сенімдіміз.
Шара барысында әшекейлер мен ұлттық бұйымдардың жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ