ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Медицина қызметкерлері марапатталды

Бөлісу:

Облыс бойынша үш мыңға жуық медицина мамандары қызмет етеді. Дәрігерлердің ерлігі мемлекет тарапынан лайықты бағалануда. Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов мамандардың тынымсыз тірлігін,жанкешті еңбегін ерекше атап өтті. Одан әрі марапаттау рәсімі басталды. Ұлытау облысының құрмет грамотасы, облыс әкімінің алғыс хаты, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі, құрмет грамотасы, алғыс хатымен арнайы сыйлықтары табыс етілген кеш – қиын да күрделі мамандық иелерін бір серпілтіп тастады.

Зәуреш ӘЛІМБЕТОВА «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері 

Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжінде стоматология пәнінің оқытушысымын.Негізі өзім врачпын.2011жылдан бері жұмыс істеймін. Бірнеше түлектерім шықты. Бүгінгі марапатым еңбегімді еселегеніне өте қуаныштымын. Рақмет.

Нұржамал БАЯНОВА «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері 

 «Макенбаева» ОДО  дәрігері акушер-гинекологымын. Бүгінгі марапатыма шексіз ризамын. Аллаға мың да бір шүкір. Әріптестеріме үлкен рақмет. Барлық медицина саласының қызметкерлерін бүгінгі мерекемен құттықатймын. 

Сонымен қатар бұл кеште Ұлытау облысы әкімінің 16 номинациясы мен 1млн теңге көлемінде арнайы сыйақсы өз иелерін тапты.Ал, «жыл дәрігері» номинациясы және 5 млн теңге көлемінде сертификат облыстық көпсалалы ауруханасының эндокринолог дәрігері,директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Гүлжахан Жаркешоваға табысталды. Дәрігер 36 жылдан бері антына адалдық танытып, талай жанның дертіне дауа табуда. Айтуынша, Қазақстанның денсаулық сақтау саласының дамуына бар жағдай жасалып келеді. Өзі жұмыс істейтін медициналық мекеме соның айқын дәлелі.

Гүлжахан ЖАРКЕШОВА «Жыл дәрігері»номинациясының иегері  

Әрине еңбегімізді бағалап жатқанына рақмет айтамын. Кәсіби мерекемізбен құттықтаймын. Ұлт денсаулығы-мемлекетіміздің байлығы. Әр адам өз денсаулығына жауапты. Дегенмен, дәрігерлерге жүгінеді ғой. Дәрігерлерге айтатыным,еңбектері жанып, елдің үмітін ақтап әрқашанда биіктен көріне берсін. 

 Бұл күні нағыз өз ісінің шеберлері ұлықталды. Олар  денсаулық сақтау саласында аянбай тер төгіп, ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп қана қоймай,  халықтың жылы ықыласына бөленген мейірімді жандар.  

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

Күнтізбе

«    Октябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты