Ауылдық округ әкімін сайлау ҚР сайлау туралы конститутциялық заң талаптарына сай өткізілді.Сайлау қорытындысы бойынша бұл лауазымға осы уақытқа дейін ауылды басқарып келген Ерғазы Аянбаев ауыл әкімі болып қайта сайланды. Ерғазы Аянбаев 1972 жылы Малшыбай ауылында туған. Қазақ ауылшаруашылық институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1998 жылы «Қазақмыс» корпорациясы» АҚ-ның Сәтбаев жолаушылар автокөлігі кәсіпорнының автослесарі болып бастаған ол 2001 жылға дейін механик қызметінде жүрді. Ал, 2005 жылы мемлекеттік қызметке орналасып, Малшыбай селосы әкімі аппаратының бас маманы лауазымын атқарды. 2020жылдан бері, күні бүгінге дейін ауылға әкім болды.
Ерғазы АЯНБАЕВ Малшыбай селосының әкімі
Енді тағы 4 жылға әкім болдым, жұмысты жалғастырамыз. Қала әкімі келіп болашаққа тапсырмалар беріп кетті.Ауылдың жолдарын, толық сумен қамтамасыз ету, санитарлық тазалуды қолға алынады,істеліп жатыр ,істелінеді. Осы сайлауда қолдаған ауыл халқына рақметімді айтамын. Болашақта бірлесіп жұмыс жалғастырамыз.
Малшыбай селосы қаладан 91 шақырым қашықта орналасқан. 400 ге жуық тұрғыны бар, Алаша хан, Жошы хан жатқан киелі дала. Бүгінде ауылда шешімін күтіп тұрған мәселелер де баршылық. Мәселен, жол,ауылды толық ауыз сумен қамтамасыз ету. Мұның барлығын әрі қарай шешуді қала әкімі Қайрат Шайжанов ауыл әкімі Ерғазы Аянбаевқа жүктеді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ