ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Су тасқынынан зардап шеккен отбасы баспаналы болды

Бөлісу:

Табиғи апат салдарынан Исаковтар үйінен айырылып, әкімдік уақытша берген баспананы паналуға мәжбүр болған. Құны 21 млн 600 мың теңге, аумағы 80шаршы метр болатын баспананың кілтін табыстау үшін облыс әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов арнайы барды.

Ұлантай ҮСЕНОВ Ұлытау облысы әкімінің орынбасары

Қоныс құтты болсын. Үйлеріңіз отбасыңызға бақыт әкелсін. Осындай үйлер ауылда көбейе берсін.  Бірақ су тасқыны болмасын.

Отағасы Алмас Исаков өз шаңырағының кілтін алды бұл күні. Қуанышында шек жоқ. Жаңа тұрғын үйге ыстық пен суық су кіріп тұр.   

Исаковтар отбасы 

-Үй бәрі сапалы жақсы. Жағдайдың барлығы жасалған. Облыс әкіммшілігіне,аудан әкіміне рақметімді айтамын. Енді мұндай жағдай қайталанбасын.. Көп рақмет, қуаныштымыз. Біздің жағдаймызға кіріп, 1-2 айдың ішінде осындай баспана салып берді. Қалада тұрып жатқандай болып жатырмыз. 

Құрылыс жұмыстарын «Ахметов»жеке кәсіпкерлігі жүргізген. Ал, қалған үйлерге материалдық көмек берілген. 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ 

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты