Бұл жеткіншектер аудандық және облыстық деңгейдегі алғашқы екі кезеңнен сүрінбей өтіп, іріктеудің бастапқы кезеңдеріне қатысқан 60 мыңнан астам баланың арасынан топ жарған үздіктер. Ұлытау облысынан финалға аттанған 7 оқушы Бурабайдағы барлық шығындар толық өтелетін IQanat мектеп-интернатында оқу мүмкіндігі үшін күреседі.
Руслан ТӨЛЕН Ұлытау дарыны орталығының директоры
Алла қаласа бұл оқушылар Ұлытау облысының намысын қорғап,үлкен республикалық сайыста өз мүмкіндіктерін сынайтын болады. Әрине облыс атынан бара жатқан оқушылар жеңімпаз боладыд еген сенімдіеміз. Айқанат сынды олимпиадалар кеңейіп, осы ауыл оқушылар арасынан мықты білікті оқушылар шығады деген ойдамыз. Оқшулырға сәттілік.
Республикалық кезеңге жолдама алғандардың бірі Ұлытау ауданы,Ұлытау селосының 8 сынып оқушысы Жанна Жакаева. Алғашында олимпиада жайлы интернеттен білдім дейді ол.
Жанна ЖАКАЕВА «IQanat» олимпиадасының қатысушысы
Ал енді қазір болса менің арманым Айқанат мектебіне түсу. Айқанат мектебінің білімі жақсы. Инновациялық мектеп.
Ляйла АБИЛЬДАЕВА ата-ана
Қуанышымызда шек жоқ. Жеңіп келсе нұр үстіне нұр болар еді. Жалпы финалистерге сәттілік тілейміз. Армандары орындалып,мақсаттарына қол жеткізсе екен дейміз. Бұл жердегі басты масқат-ауылдан арманға.
Еске сала кетсек, ауыл мектептерінің озық ойлы оқушыларын қолдауға арналған «Iqanat» бағдарламасы - жыл сайын мыңға жуық баланы, оның ішінде 70-80%-ы көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан оқушыларды қамтитын әлеуметтік-білім беру жобасы. «Iqanat» мектебі түлектерінің 90%-ы Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне грантқа түседі. Қазір жоба түлектері әлемнің 15 елінде жоғары білім алуда.Республикалық ақтық сынға аттанған талапты жастарға сәттілік ендеше.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ