Жарысқа Жезқазған мен Сәтбаев өнеркәсіп орындарының мықты деген командалары қатысты. «Қазақмыстың» бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын ұстану бағытындағы шараларға деген қолдауы қашан да ерекше. Еңбеккерлерінің бос уақытын тиімді өткізуге ерекше мән береді.
Майра АЛЬБАТТИНА «Kasip Qorgan» кәсіподағы Жезқазған байыту фабрикасы кәсіподақ комитетінің төрағасы
Бүгін біз Жезқазан байыту фабрикасының 70 жылдығын атап өтудеміз. Осыған орай волейболдан спартакиада ұйымдастырдық. Жарысқа қызығушылық танытқан командалар өте көп. Фабрикадан 2 команда қатысып жатыр. Қатысушыларға сәттілік, ал біздің фабриканың жұмысы алға баса берсін дегім келеді.
Командалар әдемі ойын өрнегін көрсете білді. Кәсіпқой волейболшылардан кем түспеді ойындары. Өйткені, ала допты алақанында ойнататын еңбеккерлер талай байрақты бәсекеге қатысып, топ жарып жүр.
Нұрбол ҒАЛЫМ жарыс жеңімпазы
Жезқазған байыту фабрикасында 2021 жылдан бастап жұмыс істеп жатырмы. Байыту фабрикасын, кәсіпқорғанға рақмет. Волейбол ең жақсы көретін ойыным. 3 сыныптан бастап айнлаысамын. Бүгін 5 дүркін чемпион болдық.
Жарыс қорытысындысына сәйкес,Жезқазған байыту фабрикасы жеңісті қолдан бермеді. Өзара 1 мен 2-ші орынды бөліп алды. Үшінші орынды Оңтүстік Жезқазған кеніші мен Шығыс Жезқазған кенішінің еңбеккерлерінен құралған «горняк» командасы алды. Өзге де спортшылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ