Іс-шараға облыстық соттың судьялары, прокурорлар, тіл мамандары мен кәсіби медиатор қатысты. Жалпы, мемлекеттік тілдің дамуына бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілердің тигізер көмегі мен ықпалы зор. Өйткені, мемлекеттік саясатты іс жүзіне асыратын негізгі буын осы болғандықтан, қарапайым халық, әсіресе жастар шенеуніктерге қарайды, солардың кәсіби біліктілігіне қарап, билікті бағалайды, өз болашағына қатысты бағыт-бағдарын, жоспарларын түзеді. Сондықтан мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тілде жетік сөйлеп, қызмет көрсетсе, қоғамда да мемлекеттік тілге деген құрмет пен қажеттілік арта бермек.
Сәрсен САҒАТОВ Ұлытау облыстық сотының судьясы
Талап-тілектің барлығы мемлекеттік тілде берілу керек.Қажет деген жағдайда аудармашы қатысу керек. Ол сол кезде ғана іздейді, қазақ тілінің керек екенін. Заңнынң тағы бір кедергі тұсы әзірбайжан келсе, істі әзірбайжанша қараймыз ба. Заңды қабылдағанда атүсті қарайды. Балалардың болашағана балта шауып жатырмыз. Еліміздің келешегін жою деп санаймын.
Дөңгелек үстелге қатысушылар, әйтеуір тілді жетілдіру бойынша семинарлар өткіземіз осындай. Дегенмен,айтылған дүние айтылған жерде қалады дейді. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге, құрметтеу міндетті екенімізді ұмытпауымыз қажет. Одан әрі «бітімгершілік бабалар жолы» тақырыбында пікір алмасты.
Жакен КЕНЖИН Ұлытау облыстық сотының судьясы
Даулар қалай реттелу керек. Әрине біріншіден халық қорғаушыларға барады сотқа дейін.Ол дегеніміз шығын. Көпке дейін іс созылады. Заңды тәртіпен барлығы шешіліп жатыр. Алайда ата бабамыз осы даулардың бәрін бейбіт түрде шешіп келген. Дасыған мемлекеттерде сотқа келу үшін алдымен медиаторларға жүгінеді. Сосын 80-90пайызы татуласымен шешіліп жатады.
Жиынға қатысушылар осылайша ой пікірлерін ортаға салды. Туындаған мәселелрдің шешімін табу үшін жұмыла жұмыс істеу қажет екенін айтты.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ